Ақтауда 15 жастағы қыз көп қабатты үйден құлады
Жарияланды

Ақтау қаласында 15 жастағы қыз көп қабатты үйден құлап, қаза тапты. Бұл туралы жергілікті Lada басылымы хабарлайды.
Қайғылы оқиға 6 сәуірде күндіз қаланың 13-шағын ауданында болған. Жасөспірім тұрғын үйдің жоғары қабаттарының бірінен құлаған.
Полиция оқиға болған орынды қоршады. Куәгерлер үй маңында тергеу тобы мен арнайы қызмет өкілдері жүргенін байқады.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті басылымға бойжеткеннің қайтыс болғанын растады. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция оның себептерін анықтап жатыр.
Тергеушілер суицид нұсқасын да қарастырып жатыр. Құқық қорғау органдары әзірге іс мәліметтерін ашып айтпай отыр.