Жаңалықтар

Ақтөбеде облыс әкімдігінің ғимаратынан өрт шықты

Ақтөбеде әкімдік ғимаратынан өрт шықты / Фото: ТЖМ

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртеніп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Өрт туралы хабарлама кезекші бөлімге түскен бойда өрт сөндіру бөлімшелері жоғары шақыру деңгейімен оқиға орнына аттанғаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, ғимараттың жоғарғы қабаттарының бірінде түтін шыққан. Ғимарат ішіндегі қызметкерлер мен келушілер дереу эвакуацияланған.

«Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жану анықталды. Өрт сөндірушілер жоғары шақырту рангы бойынша жұмыс істеуде, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ. Өрт сөндірушілер жалынның өзге бөлмелерге таралуына жол бермеу үшін жұмылдырылды.