
Астанада LRT пойыздары кешенді сынақтан өтіп жатыр. CTS компаниясының хабарлауынша, барлығы 19 құрам бар.
Сынақ машинистің араласуынсыз, толық автоматты GOA4 деңгейінде өткізіліп жатыр. Қазір пойыздардың нақты қозғалыс кестесі модельденіп жатыр. Жолаушыларды отырғызу және түсіру, станцияларда тұру уақыты мен басқа да негізгі жұмыс көрсеткіштері тексеріледі.
Жолға жалпы 15 пойыз шығады. Қалған төрт пойыз резерв ретінде тұрады.
Бұған дейін LRT билеті 200 теңге болатыны айтылды.