Жаңалықтар

Азия чемпионаты: Оразбек Асылкұлов өзбек боксшысын жеңіп, финалға шықты

Оразбек Асылқұлов финалға шықты / фото: olympic.kz

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Оразбек Асылқұлов алтын медаль үшін таласу мүмкіндігіне ие болды.

Жартылай финалдағы тартыс

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз жартылай финалда өзбекстандық боксшы Абдурахмон Махмуджоновпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек тартысты өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша төрешілердің шешімі екіге жарылды: 3:2 есебімен жеңіс қазақстандық боксшыға бұйырды. Осылайша, Асылқұлов турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды.

Алдағы жекпе-жектер

Бүгін, 7 сәуірде, кешкі сессияда тағы бір қызықты текетірес күтіп тұр. 90 келі салмақта Қазақстан намысын қорғайтын Сағындык Тоғамбай өзбекстандық Халимжон Мамасолиевпен кездесіп, финал жолдамасын сарапқа салады.

Бұған дейін, ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбайлар, Сабырхан Аққалықов және Төрехан Сабырхан финалға шыққан еді.