
Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жақындап қалды. 7 сәуір күні, турнирдің жартылай финалдық жекпе-жектері жалғасады. Шаршы алаңға Қазақстан құрамасының 6 бірдей үздік боксшысы шығып, финал жолдамасын сарапқа салады.
Күндізгі сессия (Басталуы – 09:00)
Күндізгі уақытта біздің төрт боксшымыз сынға түседі. Олардың басым бөлігі алаң иелері – моңғолиялық спортшылармен жұдырықтасады:
48 келі (2-жұп): Айгерім Сәттібаева vs Номундари Енх-Амгалан (Моңғолия)
75 келі (6-жұп): Сабыржан Аққалықов vs Далай Ганзориг (Моңғолия)
85 келі (7-жұп): Нұрбек Оралбай vs Бариахаан Дорж (Моңғолия
+90 келі (9-жұп): Айбек Оралбай vs Довлет Исламов (Түрікменстан)
Кешкі сессия (Басталуы – 14:00)
Түстен кейінгі сессияда қазақ-өзбек бокс мектебінің дәстүрлі текетіресі күтіп тұр. Біздің екі спортшымыз да Өзбекстан өкілдерімен кездеседі:
60 келі (3-жұп): Оразбек Асылқұлов vs Әбдірахмон Махмуджонов (Өзбекстан)
90 келі (8-жұп): Сағындық Тоғамбай vs Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан)
Барлық жекпе-жекті Qazsport арнасынан тікелей эфирден көруге болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан жартылай финалдан өте алмай, қола жүлдегер атанды.