
7 сәуірде Қазақстан қор биржасының (KASE) валюта саудасында сағат 11:00-дегі нәтиже бойынша 1 доллар 459,31 теңге болды. Ақша айырбастау мекемелері де долларды 460 теңгеден төмен бағаға саудалап жатыр.
Бір күн бұрын KASE-дегі валюта саудасы 461,60 теңгемен жабылған. Аз уақыттың ішінде ұлттық валюта шамамен тағы екі теңгеге нығайғанын көріп отырмыз.
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер де долларды 459 теңгеден саудалап жатыр. Валюта айырбастау мекемелері де бағаны түсірді.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы қаласында 1 доллар 458 теңгеден қабылданып, 460 теңгеден сатылады. Астана қаласында, әдеттегідей, ақша бағасы сәл жоғары – 457 және 464 теңге.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда доллардың не себепті арзандап жатқанын түсіндірген.