
Documentolog атты IT-компания Elmedia редакциясының үстінен сотқа дейінгі талап-арыз түсірді деп жазады Kursiv Media. Сайт тілшілері компания негізсіз миллиардтаған мемлекеттік тендерді иеленді деген материал жариялаған еді.
Elmedia-ның зерттеуінше, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құны 2,2 млрд теңге болатын тендер жариялаған. Өзге компаниялар одан арзан ұсыныс жариялағанмен, Documentolog жеңімпаз атанған.
Материал шыққаннан кейін компания сайттан өшіруді талап еткен, енді арыз-шағым түсіріп отыр. Documentolog өкілдерінің сөзінше, компания барынша ашық жұмыс істейді, заң бұзған емес. Ал материалда жалған ақпарат жазылған және іскерлік беделге нұқсан келтіреді.
Өз кезегінде Elmedia сот процесіне дайын екені мәлімдеді. Қажет болса Documentolog пен ұлттық компания арасындағы барлық техникалық және қаржылай құжатты жариялауға дайын.
Documentolog – электронды құжат айналымы жүйесін (EDMS) дамытатын отандық IT-компания. Ол ұйымдар мен мемлекеттік органдарға құжаттарды цифрлық форматта басқаруға көмектеседі. Негізін қалаушы – кәсіпкер Байжан Қанафин.
Бұл материалы үшін журналисті сотқа берген жалғыз кейс емес. Наурызда «көрінеу жалған ақпарат тарату» деген бап бойынша тілші Ботагөз Омарова күдікті деп танылған еді. Ол екі айға үй қамағына алынды.