«Реал Мадрид» – «Бавария»: Чемпиондар лигасының ширек финалын қайдан көруге болады

7 сәуірден 8 сәуірге қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалдық алғашқы кездесуі өтеді. Испаниялық «Реал Мадрид» өз алаңында немістің «Бавариясын» қабылдайды.
Қайдан көруге болады?
«Реал» – «Бавария» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 00:00-де басталады. Қазақстандық жанкүйерлер бұл ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Командалардың ширек финалға дейінгі жолы
Биылғы плей-офф кезеңі екі ұжым үшін де нәтижелі болды. Маусым ортасында бас бапкерін ауыстырған «Реал Мадрид» жорығын 1/16 финалдан бастап, португалиялық «Бенфиканы» (жалпы есеп 3:1) қапы қалдырды. Ал 1/8 финалда ағылшын футбол клубы «Манчестер Ситиді» ірі есеппен (5:1) жеңді.
«Бавария» болса плей-оффты 1/8 финалдан бастап, италиялық «Аталантаның» тас-талқанын шығарды (жалпы есеп 10:2).
Өзара кездесулер тарихы
Екі қарсылас соңғы рет 2024 жылдың мамыр айында Чемпиондар лигасының жартылай финалында жолыққан. Ол кезде мадридтік клуб екі ойынның қорытындысы бойынша 4:3 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алған еді. Кейіннен «Реал» турнир жеңімпазы атанған еді.
Бұдан бөлек, бүгін дәл осы уақытта «Спортинг» пен «Арсенал» арасындағы ойын өтеді. Бұл ойынды Qazaqstan арнасы көрсетеді. Ал Freedom Media арқылы екі ойынды да бір трансляциядан көре аласыз.