Солтүстік Қазақстанда құны 70 млрд теңге болатын ағаш зауыты салынады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock

Солтүстік Қазақстанда облысында ағаш өңдеу зауыты салынады. Жоба құны 70 млрд теңге болады және 2026-2028 жылдары іске асырылады.

Өндірістік қуаты – жылына шамамен 600 текше метр ағаш-жаңқалы плиталар (ДСП) және 20 млн шаршы метр ламинацияланған ағаш-жаңқалы плиталар (ЛДСП). Зауыт салынса, кемінде 160 тұрақты жұмыс орны ашылады деген жоспар бар.

«Келісім қазақстандық өндірушілердің тауарларын, шикізатын, жұмыстары мен қызметтерін міндетті түрде пайдалануды көздейді. Инвестор дайын өнімнің кемінде 50%-ын ішкі нарыққа бағыттауға міндеттеледі. Кәсіпорын жобалық қуаттың 80%-ына шыққаннан кейін отандық дайын өнім экспортының көлемі жылына 60 мың текше метрге дейін жетеді», – деп хабарлады үкімет.

Жоспар бойынша, инвестор қызметкерлерін үздіксіз оқытуға да міндетті.

Тағы бір ағаш зауыты Абай облысында да салынуы керек еді. Экология министрі екі жыл бұрын өңірдегі өртенген ағаштарды өңдеу үшін зауыт болатынын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз