Сотталған Балушкиннің «Азия Авто» зауыты сатылымға шығарылды

Сотталған кәсіпкер Анатолий Балушкинге тиесілі болған «Азия Авто» аяқталмаған автозауыты бойынша сауда-саттық өтті. Сауда-саттық өтті деп танылып, сондықтан нысан жаңа иесінің билігіне өтуі тиіс, оның есімі әзірге белгісіз.
Кешеннің бастапқы бағасы 0 теңгені құрады. Бар болғаны бір ғана өтінім берілгенін ескерсек, іс жүзінде мүлік тегін берілді. Бұл нысанның 23,2 млрд теңгеге бағаланғанына қарамастан орын алып отыр. Сатушы ретінде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті шықты.
Зауытты тек мемлекеттік ұйымдар немесе әлеуметтік сала мекемелері ғана ала алатын еді. Сауда-саттық басталмай тұрып-ақ, сатып алуға бір өтінім түскен жағдайда зауыт автоматты түрде сол бойынша сатылуы тиіс екені белгілі болған.
Кешен құрамына 57 нысан – әкімшілік ғимараттар, қоймалар, ангарлар, сорғы станциялары мен басқа да құрылыстар, сондай-ақ төрт жер учаскесі кіреді. Мүлікке казіргі уақытта тыйым салынған және жаңа иесіне сот дауларын шешуге тура келеді.
Жаңа меншік иесі нақты кім болғаны әзірге белгісіз. «Азия Авто» құрылтайшылары туралы деректер де eGov жүйесінде жасырылған. Өңір билігі бұған дейін автозауытты қайта іске қосуға мүдделі екенін мәлімдеген болатын, алайда жаңа иесі өндірісті қалпына келтіре ме, әлде алаңды басқа мақсаттарға пайдалана ма, ол жағы әзірге белгісіз.
Бұл нысанның тарихы кәсіпкер Анатолий Балушкиннің атымен тікелей байланысты. «Бипэк Авто – Азия Авто» холдингінің басшысы болған оған Lada Vesta көліктерін құрастыру зауытын салу үшін бөлінген 230 млрд теңгені жымқырды және заңсыз жолмен тапқан табысты заңдастырды деген айып тағылған.
Бизнесмен тергеу басталған соң Ресейге қашып кетіп, сол елдің азаматтығын алған. 2025 жылдың 16 сәуірінде Өскемен соты Балушкин мен оның серіктесі Сағымбаевты сырттай кінәлі деп танып үкім кесті. Зауыттың бір бөлігі тәркіленсе, бір бөлігі қарызын, соның ішінде Jusan Bank алдындағы берешекті өтеуге бағытталған.
Анатолий Балушкин 2020 жылға дейін Forbes-Қазақстан тізіміндегі ең бай 50 адамның қатарына кірді. Ол «Азия Авто» АҚ және «БИПЭК Авто Қазақстан» АҚ бақылаушы акционері болған. «БИПЭК Авто Қазақстан» құрылымына «Азия Авто Қазақстан» АҚ-ның 75%-ы және «Азия Авто» Өскемен», «Азия Авто Сибирь» және т. б. компаниялар кірген.