Жаңалықтар

Таразда тағы атыс болды

Полиция Тараза ищет участников перестрелки в микрорайоне Акбулак
фото: shutterstock

Таразда тағы оқтың жаңғырған дауысы естілді. Тұрғындардың айтуынша, «Ақбұлақ» шағынауданында жанжал болып, арты атысқа ұласқан.

Полицияның хабарлауынша, 2026 жылғы 6 сәуір күні «102» нөміріне Тараз тұрғынынан төбелес пен оқ атылғанға ұқсас дыбыс туралы хабарлама түскен.

«Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, тексеру жұмыстарын бастаған. Аталған факті бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады жергілікті полиция департаменті.

Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның жеке басы анықталған. Қазіргі уақытта оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

«Оқиғаның мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр. Барлық дерек мұқият зерттеліп, тергеу нәтижесі бойынша әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қалалық ауруханаларға ешкім түспеген.

Бұған дейін Өскеменде екі мас адам полиция қызметкерін атып кетті.