Lifestyle

Төреғали мен Толқын жетінші сәбиін күтіп жүр (видео)

Төреғали мен Толқын / фото: Instagram
Төреғали мен Толқын / фото: Instagram

Төрағали Төрәлі мен жұбайы Толқын Тұрарбекқызы жетінші сәбиін күтіп жүр. Бұл әншінің әлеуметтік желіде жариялаған видеодан мәлім болды.

Бейнежазба да жұбайлардың жұбы жазылмай, туристерге арналған көлікпен серуендеп жүргені көрінеді. Толқын Тұрарбекқызының аяғы ауыр екені сол жерде анық байқалады.

Төрағали Төрәлі өмірлік серігі туралы «Сенемін саған» деп бір ауыз сөз жазған.

Оқырмандары танымал отбасының қуанышын бөлісіп, ізгі тілектерін жаудырып жатыр.

«Жұбайыңыз нағыз дана, ұстамды, парасатты, ізгі, білімді әйел. Өзіңіз де жақсы білесіз, Құдайдың сізге берген бағы! Бүгін ғана жұбайыңыз Толқынды ойлап қойып едім. Төреш замандас, іні-бауырға Құдай асыл, аппақ, адал жұбайын бере салған. Тіл-көзден сақ болсын! Екі дүниеге қайырлы, ізгі ұрпақ өмірге келсін!», – деп тілектестік білдірген.

Оқырманның бірі Толқын Тұрарбекқызын «батыр ана» деп атады.

Мұның алдында Төреғали Төрәлі отбасымен Түркістанға көшіп келген еді.