
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды бір түнде жойып жіберуге болады деп мәлімдеді. Ол Тегеранға ультиматум мерзімінің аяқталуына бір тәулік қана қалғанын ескертті.
«Бүкіл елді бір түнде жойып жіберуге болады. Ол күн ертең туады», – деп ескертті Трамп Ақ үйдегі брифингте. Оның сөздерін CNN таратты.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Иранның электр станциялары мен басқа да маңызды инфрақұрылымдарына соққы жасауы мүмкін екенін наурыздың аяғында ескертіп, Тегеранға 7 сәуірге дейін мұрсат берген.
Дегенмен Иран билігі Құрама Штаттармен келісімге бармай, маңызды мұнай жолы – Ормұз бұғазын ашпай отыр.
Демалыс күндері Трамп Иранның келісімге отыруға сәрсенбінің таңына дейін уақыты бар екенін тағы ескерткен. Ал сәуірдің басында АҚШ президенті алдағы екі-үш аптаның көлемінде жойқын соққы жасауға, Иранды «тас ғасырына қайтаруға» уәде берген.
2026 жылғы 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға соққы жасады. Артынша Тегеран Таяу Шығыстағы елдер мен америкалық базаларға шабуылдап, Ормұз бұғазын жауып бастады.