Вице-премьер Түркістан тәжірибесін басқа өңірлерге қолдануды тапсырды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
мақта қытай еккен мақта рулон
Қытайлар еккен мақта / фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Премьер–министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысының шағын өндіріс парктерін құру тәжірибиесін елдің басқа өңірлерінде қолдануды тапсырды.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, осы мәселені пысықтау мақсатында қаржы, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері, сонымен бірге барлық облыстардан 40-қа жуық делегация өкілі Түркістан облысына арнайы іссапармен барды.

Олар Сауран ауданындағы «SAURAN» өндірістік паркінде болып, жаңбырлатып суғару технологияларын шығаратын «BNK Group», жиһаз өнімдерін өндіретін «Aqniet Holding», өндірістік тоңазытқыш шығаратын «UBC Групп» жұмысын бақылады. Сонымен бірге осы аудандағы«Иассы», «Ескі Иқан», «Дәморда» және «Қарашық» шағын өндірістік парктердің құрылысымен танысты.

«Делегация өкілдері өңірде құрылып жатқан шағын өндіріс парктерінің жұмысын оң бағалап, бастаманың шағын және орта бизнестің, өңірдің бизнес климатының дамуына оң ықпал ететінін атап өтті», – деп таратты өңір әкімдігі.

Түркістан облысының барлық ауданы мен қаласында 214 гектар аумақта 25 шағын өндіріс алаңы құрылған. Алаңдарда 258 өндіріс ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Оларда орналасатын 251 жобамен келісім жасалған. Жалпы инвестиция құны – 192 млрд теңге. Соның нәтижесінде 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жылына 96 млрд теңгенің өнімдері өндіріледі.

Бұған дейін Kursiv.Media Түркістан облысында 152 ғимараттан тұратын өндіріс паркі салынып жатқаны туралы жазған.

Сондай-ақ оқыңыз