Желіде жоққа шығарды: кондитер мен құрақшы арасындағы дауға нүкте қойылды

Жарияланды 7 Сәуір 2026 12:59

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Блогер сот шешімін орындады/коллаж kursiv.media

Кондитер Нұршат Ақбергенова мен блогер Әсел Батырбекова (Аселина Батыр) арасындағы торт дауына нүкте қойылды. Осылайша, блогер әлеуметтік желідегі парақшасында кондитер Ақбергенованы «алаяқ» деп атаған мәлімдемесін жоққа шығарды.

Даудың басы

18 келі торт төңірегіндегі дау 2025 жылдың тамызында басталды. Кондитер Нұршат Ақбергенова жұмысының құнын 600 мың теңгеге бағалап, блогерден қалған 500 мың теңгені өндіруді сұрап сотқа жүгінді.

Одан бөлек Нұршат Ақбергенова моральдық шығынды 3 000 000 теңгеге бағалаған.

Сот шешімі

Сот шешімімен Әсел Батырбекова (Аселина Батыр) кондитерге торттың қалған құны ретінде 200 мың теңге, моральдық зиян ретінде 100 мың теңге төлейтін болды.

Сондай-ақ блогер әлеуметтік желідегі парақшасында кондитер Ақбергенованы «алаяқ» деп атаған мәлімдемесін жоққа шығаруға міндеттелді.

Әсел Батырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында кондитерге қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды.

«Бұған дейін Нұршат Ақбергенованы алаяқтық жасады және ақша бопсалады деген мәлімдемем шындыққа сәйкес келмейді», делінген сот шешіміне сәйкес жазылған мәтінде.

Алайда мұндай мәлімдеменің өзі көпшілік назарына ілікті. Ақбергенованың айтуынша, блогер жазбаны түнде жариялап, көп ұзамай өшіріп тастаған. Осылайша аудитория назарынан тыс қалуға тырысқан.

Айта кетейік, сот барысында Әсел Батырбекованың шетелдік дипломаттың әйелі екені, торт дауы әлемнің 28 еліне тарап кеткені айтылды

Сондай-ақ оқыңыз