
Ирандағы соғыс уақытша тоқтады. АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, Тегеран келіссөздерге арқау болатын 10 талапты Вашингтонға жолдады. Иран қандай талаптар қойғанын жариялады.
АҚШ Иранға шабуылдауды екі аптаға тоқтатуға келісті. Тегеран маңызды мұнай жолы – Ормұз бұғанын ашқанын жариялады.
«Біз Ираннан 10 тармақтан тұратын ұсыныс алдық. Оларды келіссөз бастауға арқау болады деп есептейміз», – деп жазды Трамп өзіне тиесілі Thruth Social әлеуметтік желісіне.
Оның айтуынша, жауласушы тараптардың ортақ бітімге келуіне Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф пен осы елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы Асим Мунир көмектескен.
Бітімге келіскенін Тегеран да растады. Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің мәлімдемесін сыртқы істер министрі Аббас Арагчи X әлеуметтік желісінде жариялады.
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер 10 сәуірде Исламабадта өтеді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ бітімді қолдап, атысты доғару туралы келісім ұзаққа созылады деп үміттенетінін мәлімдеді.