Ақтөбеде әкімдіктегі өртті сөндірген құтқарушылар марапатталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Ақтөбеде әкімдіктегі өртті сөндірген құтқарушылар марапатталды / Фото: Ақтөбе әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігінде болған ірі өртті ауыздықтағаны үшін 172 адам марапатталды. Облыс әкімі Асхат Шахаров құтқарушыларға төзімділік пен батылдық танытқандары үшін алғыс айтты.

«Кеше күрделі тапсырманы орындау барысында сіздер ерлік көрсетіп, кейінгі ұрпаққа үлгі болдыңыздар. Өртті сөндіруге қатысқандардың барлығы да жедел әрі жанқиярлықпен әрекет етті. Нәтижесінде бір сағаттың ішінде қойылған міндетті абыроймен атқарып шықтыңыздар», — деді әкім.

Еске сала кетейік, облыстық әкімдіктің алты қабатты ғимаратының шатыры 7 сәуір күні кешке өртенген болатын. Алғашқы өрт сөндіру бөлімдері бес минуттан кейін жеткен кезде, шатырда бірден үш жерден лаулаған от шығып жатқан. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.

Жалын тез таралды: ғимарат конструкциясының ерекшеліктері, тез тұтанатын материалдар, қою түтін мен жоғары температура өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатты. Дегенмен, 300 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толықтай жойылды.

Сондай-ақ оқыңыз