Батыс өңірге түскен дрон бөлшектердің қай елге тиесілі екені анықталып жатыр
Жарияланды

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Батыс Қазақстан облысына түскен дрондарға қатысты пікір білдірді.
«…Дрон бөлшегі табылды. Оның қай мемлекеттен келгенін анықтау үшін комиссия құрылды. Оның ішіне сарапшы ретінде қарулы күштердің мамандары да кірді. Жұмыс жалғасып жатыр», – дейді Асқар Мұстабеков.
Сөзінше, дрондарға қарсы күреске әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері ғана емес, радиоэлектрондық шабуылға қарсы күрес күштері де тартылған.
2026 жылдың наурызында Ресеймен шекараға жақын орналасқан Атырау облысының Құрманғазы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас зат табылды. Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша тексеріс басталды.