Еркебұлан Тоқтар жаңа бизнесін таныстырды

Жарияланды 8 Сәуір 2026 19:25

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Еркебұлан Тоқтар
Еркебұлан Тоқтар жаңа бизнесін таныстырды / Фото: Instagram

Қазақстандық актер әрі ережесіз жекпе жек жауынгері Еркебұлан Тоқтар желідегі парақшасында жаңа бизнесін таныстырды.

Актердің айтуынша, ол TokBurger деп аталатын жылдам тамақтану орындарын ашқан. Бұл бизнесті бастау үшін 3 ай уақыт жұмсап, 50 млн теңге инвестиция салған.

«3 ай уақыт және 50 млн теңге жұмсалды. Біз ашылуға дайынбыз ал сіздер ше?» – деп жазды актер.

Жұрт оған қолдау білдіріп, «Қазақстан болып қолдаймыз» деп жатты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Еркебұлан қырғызстандақ Марсель Нұрланбекұлымен өткізген жекпе-жегінде төрешілер шешімімен жеңілген еді. 

Сондай-ақ оқыңыз