Жаңалықтар

Миллиардер Айдын Рақымбаевқа тиесілі компания Алматыда 67 млрд теңгеге жол салады

Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Forbes тізіміндегі миллиардер Айдын Рақымбаевқа тиесілі «Казахдорстрой» компаниясы жол салуға қатысты кезекті тендерді жеңіп алды. Бұл туралы Protenge арнасы жазады.

Алатау ауданындағы Момышұлы, Мөңке би, Оңғарсынова көшелері мен Рысқұлов даңғылының аралығында жаңа жол салу үшін бюджеттен 67,4 млрд теңге бөлінбек.

Халық арасында «Батыс қақпасы» деп аталып кеткен бұл жоба қаланың «Батыс» полицентрін дамыту жоспарының негізгі бөлігі болады.

Конкурс жеңімпазы кім?

Қомақты сомаға жарияланған бұл конкурсқа тек бір ғана қатысушы өтінім берген. Ол – «Казахдорстрой» ЖШС. Тиісінше, заңнамаға сәйкес аталған компания жеңімпаз деп танылды.

Бұл компанияның артында кәсіпкер, «Forbes Kazakhstan» тізіміндегі миллиардер Айдын Рахимбаев тұр. Ресми құжаттардағы бенефициарлар тізімі кәсіпкердің есімімен байланысты құрылымдарды растайды. «Қазақдорстрой» компаниясы 2024 жылдың қорытындысы бойынша өз иесіне 2,5 млрд теңге дивиденд төлеген.

Айта кетсек, жақында ғана жаһандық Forbes Айдын Рахимбаевтың дәулетін 1,1 млрд долларға бағалаған.

Жобаның маңызы қандай

Жобаның ауқымы өте үлкен. «INK Architects» бюросы ұсынған сызбаға сүйенсек, бұл аумақта жаңа заманауи тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтереді.