Жаңалықтар

«ПСЖ» мен «Ливерпуль» арасындағы ойынды қайдан көруге болады

фото: PSG.com

8 сәуірден 9 сәуірге қараған түні Парижде Чемпиондар лигасының алғашқы ширек финалдық матчы аясында франциялық «ПСЖ» мен англиялық «Ливерпуль» кездеседі.

Трансляция уақыты мен арнасы

Қазақстандық жанкүйерлер бұл ойынды сағат 00:00 де тікелей эфирде Qazaqstan арнасынан тамашалай алады.

Командалардың ширек финалға дейінгі жолы

Былтыр турнирдің чемпионы атанған «ПСЖ» жарысты ерте, яғни 1/16 финалдан бастауға мәжбүр болды. Париждіктер бұл кезеңде отандастары «Монаконы» (екі ойын қорытындысы бойынша 5:4) қапы қалдырса, кейіннен Лондонның «Челсиін» (8:2) ойсырата жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Ал «Ливерпуль» плей-офф кезеңін 1/8 финалдан бастап, түріктің «Галатасарайын» (4:1) сенімді түрде тізе бүктірді.

Өткен маусымдағы есеп

Бұл екі ұжым соңғы рет өткен жылдың наурыз айында, Чемпиондар лигасының жартылай финалында кездескен еді. Ол кезде негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында француз клубы (4:1) басым түскен болатын.

Бұдан бөлек, «Барселона» мен «Атлетико Мадрид» арасындағы ойын өтеді. Ол ойынды Qazsport арнасы көрсетді. Freedom Media арқылы екі ойынды бір трансляциядан көруге болады.