
Белгілі әнші Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында жетінші перзентінің дүниеге келгенін жазды.
«Аллаға шүкір, бүгін жетінші перзентім дүниеге келді. Бұл – жай ғана жаңалық емес. Бұл – өмірдің жаңа тынысы. Жауапкершіліктің жаңа деңгейі. Толқында (жұбайы) бұл жолы төртінші рет кесар тілігі болды. Шынымды айтсам, қатты уайымдадым. Бірақ ер адам ретінде тек сырттай күтіп тұруды емес, осы сәттің ішінде болуды таңдадым. Қызымды өз қолыммен қарсы алдым», – деп жазды әнші.
Қыздың есімін Мәриям деп нағашы атасы мен әжесі қоюды ұсынған. Ал продюсер Жан Мұқанов пен оның жары кіндік әке-шешсі болған.
Әнші жұбайының да, жаңа туған нәрестесінің де жағдайы жақсы екенін айтты.
«Мәриям, сенің келуің – мен үшін тағы бір белес. Мен енді тек әке емес, жеті баланың алдында жауапты адаммын. Жолың жарық болсын, өмірің нұрлы болсын, әкең әрдайым жаныңда»,- деп жазды ол.
Айта кетейік, осыған дейін Төреғали Төреәлініі жетінші баласы дүниеге келгенін жазған едік.