Шымкентте сегізінші сынып оқушысының өліміне қатысты тергеу басталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
полиция
Шымкентте сегізінші сынып оқушысының өліміне қатысты тергеу басталды / Фото: Shutterstock

Шымкент қаласындағы Ө. А. Жолдасбеков атындағы №9 IT-лицейінің 8-сынып оқушысы өз үйінде жан тәсілім етті, деп жазады «ҚазАқпарат«.

Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Қайғылы оқиға 2026 жылдың 6 сәуірінде сағат 17:21-де болған.

«Жасөспірімді туыстары тауып алған. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылғанымен, келген медицина қызметкерлері баланың қайтыс болғанын растады», – деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.

Мәлім болғандай, оқушы бұған дейін медициналық есепте тұрмаған. Жасөспірімнің өліміне не себеп болғанын тергеу анықтайды. Полиция департаменті қылмыстық істің қозғалғанын растап отыр.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті Шымкент қалалық ПД.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтау қаласында 15 жастағы қыз көп қабатты үйден құлап, қаза тапқанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз