Жаңалықтар

Тоқаев АҚШ пен Иран туралы мәлімдеме жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев
фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Иран арасындағы атыстық тоқтауына байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісім жасалғанын құптайды.

«Бұл келісім АҚШ президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сонымен бірге қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды», – деп есептейді Тоқаев.

Қазақ президенті әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында жасалған бітім ұзаққа созылады деп үміттенеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 28 ақпанда АҚШ пен Израиль күштері Иранды атқылады. Артынша Тегеран Таяу Шығыстағы елдеріне, сондағы америкалық нысандарға шабуылдап, Ормұз бұғазын жапты. 8 сәуірге қараған түні АҚШ пен Иранның атысты екі аптаға доғарғаны мәлім болды.