
Chery мен Geely гибрид нарығында бәсекені күшейтіп, Toyota-ға бәскелес болып, артта қалдыруды көздеп отыр.
Сarnewschina ақпаратына қарағанда, Chery мен Geely 2026 жылы гибридті көліктерге көшіп, олардың отын шығынын 100 шақырымға 2-3 литрге дейін жеткізетінін мәлімдеді.
Басты бәсеке
Сарапшылардың пікірінше, бұл оларды гибрид сегментінде көш бастап тұрған Toyota-ға тікелей бәсекелес етеді.
Қытайлық өндірушілер дәстүрлі тәсілден өзгеше технология қолданып жатыр. Олар электр қозғалтқышына басымдық беріп отыр. Қозғалтқыш көбіне үнемдеу режимінде немесе генератор ретінде жұмыс істейді.
Қуатты электромоторлар (130–180 кВт) жақсы динамика береді.
Toyota ше
Ал Toyota гибридтері қозғалтқыш пен дөңгелекті механикалық байланыстыратын жүйеге сүйенеді. Бұл үнемділікті арттырғанымен, электр қуатын шектейді.
Неге гибридке сұраныс өсіп жатыр
Басты себеп – олардың батареясы шағын (1–2 кВт/сағ). Сондықтан арзанырақ. Сонымен қатар электромобильге қарағанда қолжетімді.
Зарядтау инфрақұрылымы әлсіз елдер үшін де тиімді.
Балама емес, қосымша
Қытайлық автокомпаниялар гибридті көліктерді электромобильге балама емес, қосымша бағыт ретінде дамытып отыр. Бұл шығынды азайтуға, экспорт талаптарына және нарық жағдайына бейімделуді көздейді.
Айта кететін жайт, Changan CS75 Plus кроссовері гибридке айналды, оның отын шығыны 5 литерден аз.