Жаңалықтар

Трамп Иранның одақтастарына қатаң талап қойды

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қару жеткізетін елдерге қатаң шара қолданылатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай елдердің АҚШ-қа экспорттайтын барлық тауарына бірден 50% баж салығы енгізіледі.

«Иранға әскери қару жеткізген кез келген мемлекет АҚШ-қа сататын барлық тауарға 50 пайыздық баж салығына тап болады. Ешқандай ерекшелік болмайды», – деді Ақ үй басшысы Truth Social желісінде.

Ал АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Вашингтон мен Тегеран арасында уақытша бітімге қол жеткізілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Иран Ормұз бұғазын кеме қатынасына ашуға уәде берген.

Вэнстің сөзінше, Дональд Трамп Иранға осы талаптар бойынша ультиматум қойған.

Айта кететін жайт, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Иран арасындағы атыстық тоқтауына байланысты мәлімдеме жасады.