
Танымал кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов «Парасат» орденін алды. Бұл туралы оның әйелі, продюсер Баян Алагөзова хабарлады.
Бұл марапат Тұрсынғали Алагөзовты ерекше марқайтқаны көрінеді.
«Алагөзов мырза – енді жай ғана Тұрсынғазы Тұрымович емес, бүгінде Парасат орденінің иегері. Құттықтаймын. Мен сені өте мақтан тұтамын», – деді Баян Алагөзова.
Тұрсынғали Алагөзов қоғамның әлеуметтік дамуына қосқан үлесін мемлекеттің осылай бағалағанына ризашылық білдірді.
Баян Алагөзова күйеуіне жақсы іс жасауды жалғастыра беруге, әлеуметтік жауапкершілікті әрі әрдайым бөлісуге әзір болуға шақырды. Ол күйеуінің мейірімді екенін айтып, мақтаныш көретінін айтты.
«Елге адал қызмет ету – әр азаматтың жүрегіндегі ең үлкен жауапкершілік. Туған жеріңе пайдаңды тигізу – нағыз абырой. Бүгінгі ісің ертеңгі ұрпаққа үлгі болсын», – деді Алагөзов.
Айта кететін жайт. Бейбіт Әлібековтің танымал «По домам» YouTube-жобасының кезекті шығарылымы Баян мен Тұрсын Алагөзовтердің шаңырағына арналды.