
Қазақстанға келген жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшақтары алғашқы тұрақты рейстерін орындай бастады.
Жақында SCAT әуекомпаниясының флотын толықтырған екі жаңа Boeing 737 MAX 8 әуе кемесі Шымкент – Астана – Шымкент бағыты бойынша алғашқы тұрақты рейстерін орындайды.
«Отандық әуе компаниясының паркіне бірден екі жаңа әуе кемесінің қосылуы Қазақстанның авиация саласы үшін елеулі оқиға және қазақстандық авиация нарығының белсенді дамуының тағы бір дәлелі болды», – делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
Министрліктің ақпаратынша, осы жылдың соңына дейін қазақстандық әуе компанияларының әуе кемелері паркін 118 ұшаққа дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Жалпы, Қазақстанның SCAT әуе компаниясында 35 замануи ұшақ бар. Былтыр жыл басынан бері компания Boeing 737 MAX 8 үлгісіндегі 3 жаңа ұшақ сатып алған.