Жануарларды өлтіргендерге жаза қатаңдайды
Жарияланды

Елде жануарларды өлтіргендерге жаза қатаңдайды. Бұл нормалар «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасында көрсетілген.
Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, қолданыстағы заңнамада жануарды қинағандарды 30 күнге дейінгі мерзімге қамау қарастырылған. Ал жаңа заң қабылданса, бұл мерзім 6 айға дейін ұзарады.
Ал жануарды өлтіргендер 2 жылға сотталады. Заң жобасына сәйкес, жазаны 3 жылға дейін қатаңдату қарастырылған.
Айта кетейік, кейінгі төрт жылда елдегі бұралқы иттердің адамға шабуылдауы 28%-ға, ал бұралқы иттер саны 13%-ға өскен.