
Алматыда бесік арбаға дәрет сындырған курьерді іздеп жатыр. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлеуметтік желіде жергілікті тұрғынның бірінің шағымы жарияланды. Оның айтуынша, тамақ жеткізіп жүрген ер адам подъезд дәлізінде қалдырылған бесік арбаға дәрет сындырған. Тазалап шыққаннан кейін де жағымсыз иіс толық кетпеген.
Отбасы полицияға жүгініп, кінәлі адамды жауапкершілікке тартуды талап еткен.
Алматы қалалық Полиция департаменті осы оқиға бойынша Алмалы ауданы Полиция басқармасы тексеру жүргізгенін хабарлады.
«Ер адамның жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтап, ұстау шараларын жүргізуде. Тексеру нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады», – делінген хабарламада.
Мұның алдында Алматыда лифтіде дәрет сындырған курьер қамауға алынған болатын.