
Грекия жасөспірімдерге әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салмақшы. Егер парламент заң жобасын қолданса, келесі жылдан бастап кәмелетке толмағандар мессенджерлерді пайдалана алмайды деп жазады The Guardian.
Грекия премьер-министрі Кириакос Мицтакистің сөзінше, балалар арасындағы мазасыздық, ұйқысыздық артқан сайын осындай қадамға барып отыр. Ол жасөспірімдер жаңалыққа ашулануы мүмкін екенін де мойындайды.
«Біз қиын, бірақ қажетті шараны қабылдауды ұйғардық. 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым саламыз. Біздің мақсатымыз сіздерді шабыттың, білімнің және шығармашылықтың көзі бола алатын технологиялардан алыстату емес… Бірақ бала экран алдында бірнеше сағат отырғанда, оның миы демалмайтынын ғылыми тұрғыда нақты дәлелденген»», – деді ол жас аудиторияға арналған TikTok видеосында.
Әзірге ұсыныс заң жобасы ғана, осы жазда парламент талқылауына шығады деген жоспар бар. Ақпан айында грекиялық ALCO сауалнама компаниясы зерттеу жүргізіп, халық шектеуді жаппай қолдайтынын көрсетті. Бұған дейін грекия үкіметі мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салып, балаларды экран алдында тым көп уақыт өткізуден қорғау үшін ата-ана бақылауы платформаларын құрған еді.
Алғашқылардың бірі болып Аустралия жасөспірімдерге әлеуметтік желіге кіруге тыйым салған.
Осыдан кейін Ұлыбритания және Франция осындай заң жобасын қарастырып жатқанын хабарлады.