Lifestyle

Freedom әлем бойынша қонақүй іздеу жүйесін іске қосады

Freedom әлем бойынша қонақ үй іздеу жұмысын іске қосады/фото: Серикжан Ковланбаев

Freedom Travel 2026 жылдың мамыр айында әлемдік қонақ үйлерден орын таңдауға арналған агрегаторды іске қоспақ. Сонымен қатар, компания виза рәсімдеу қызметін де ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Freedom Travel компаниясының бас директоры Игорь Бойко мәлімдеді. Бұл қызметтер Freedom SuperApp экожүйесінің клиенттеріне қолжетімді болады.

Оның айтуынша, Freedom Travel әуе және теміржол билеттерін сататын сервистен толыққанды travel-экожүйелік өнімге айналып жатыр.

«Біз 2026 жылы бірқатар жаңа өнімді іске қосамыз. Жыл бойы оларды кезең-кезеңімен таныстырамыз. Бұл клиенттерге саяхатқа қатысты барлық қажетті қызметтерді бір платформада табуға мүмкіндік береді. Биыл, нақтырақ айтқанда, 2026 жылдың мамырында Қазақстанда алғаш рет әлем бойынша қонақ үйлерді біріктіретін өз агрегаторымызды іске қосамыз», – деді ол Freedom Inside форумында.

Оның сөзінше, экожүйе аясындағы бағалар өте тиімді болады.

«Бұл жерде біздің бағалар әлемдегі ең ірі халықаралық платформалардан да төмен болады деп сенімді түрде айта аламын. Біз осы бағаны ұсыну үшін барлық мүмкіндікті жасадық», – деді Игорь Бойко.

Сонымен қатар, Игорь Бойко трансферлер мен әлем бойынша турлар сатылымы іске қосылатынын хабарлады.

«Біз әлемнің кез келген жерінде трансфер қызметін, экскурсияларды және авторлық турларды іске қосамыз. Бұл – біздің көмегімізбен баруға болатын шын мәнінде бірегей әрі қызықты бағыттар. Сондай-ақ серіктестерімізбен бірге клиенттерімізге SuperApp арқылы виза рәсімдеу мүмкіндігін іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Оның айтуынша, енді пайдаланушылар миллиондаған қонақ үйлерді таңдауға мүмкіндік алады.

«Біз әлем бойынша шамамен 3,5 миллион қонақ үй мен апартаментті жүйеге қостық. Сонымен қатар серіктестерімізден ең тиімді әрі бірегей бағалар алдық. Бізде 30-дан астам әуе компаниясымен тікелей байланыс бар, соның арқасында делдалсыз, үстемақысыз ең ашық бағаларды ұсынамыз», – деді Бойко.

Оның сөзінше, әртүрлі сервистерді бір платформаға біріктіру клиенттерге барлық қызметті бір экожүйе ішінде алуға мүмкіндік береді. Мұндай қызметтерді алдағы уақытта басқа елдердегі клиенттер де пайдалана алады.

Жалпы, Freedom Holding компаниясы 10 жылда активін 12,5 млрд долларға жеткізіп, клиент санын 11 миллионнан асырған. Сонымен қатар Nasdaq-тағы акция бағасы шамамен 10 есе өсті.