Жаңалықтар

Freedom тамақ жеткізу қызметін іске қосады

Freedom тамақ жеткізу қызметін іске қосады/arbuz.kz, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Freedom экожүйесі Қазақстанда тамақ жеткізу сервисін іске қосқалы жатыр. Бұл туралы Freedom Lifestyle Group компаниясының бас директоры Алексей Ли «Курсивке» берген сұхбатында айтты.

Сөзінше, Freedom Food азық-түлік жеткізу сервисі іске қосылады.  

«Сервис Қазақстанның түрлі қалаларында кезең-кезеңімен іске қосылады. Алматы мен Астананы соңына қалдыруымыз мүмкін», – деді ол Freedom Inside форумының кулуарында.

Лидің айтуынша, алғашқы жеткізу сервисі 2026 жылдың көктемінде Ақтауда іске қосылады. Қызмет қолжетімді болатын тағы екі қала туралы ақпарат қосымша жарияланады.

Сөзінше, Freedom Bank клиенттерінің 12%-ы Lifestyle сервистерін тұрақты түрде пайдаланады.

Бұған дейін Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов банктің жақын арада тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотека беретінін айтты.