
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік қызметшілерге бағытталған бағдарламалар туралы айтты.
Сөзінше, 2025 жылы 60 000-нан астам қызметкер жасанды интеллект бойынша білім алып шықты.
«Барлық мемлекеттік қызметшіні қамтып, білім беру бағдарламасын тұрақты жүргізіп, мемлекеттік басқару сапасын арттырғымыз келеді.
Осы мақсатта AI Government 500 бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында Президент әкімшілігіндегі басшылар, Үкімет аппараты қызметкерлері, барлық вице-министр және әкім орынбасарлары оқып шықты. Себебі жоғары деңгейдегі басшылар ойлау тәсілін өзгертуі қажет. Барлық басшы, әр саладағы вице-министрлер мен әкім орынбасарлары да өз басқару тәсілін жаңартып, қол астындағыларға үлгі көрсетуге тиіс», – деді Мәдиев Freedom Inside 26 форумында.
Сөзінше, әрбір басшы цифрланып, қызметінде цифрлық құралдарды тұрақты қолдануы қажет.
Бұған дейін Мәдиев Қазақстан жасанды интеллектіні қалай дамытатынын айтты.