
Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Майқайың кенті маңында өлген иттердің денесі шашылып жатыр.
Жергілікті kerekpv паблигі атылған иттерді әлдекімдер қоқыспен бірген мұсылман зиратына барар жолға төгіп тастағанын хабарлап, өлекселердің суретін жариялады.
Майқайың кенті әкімінің аппараты аталған жайтқа қатысты тексеріс басталғанын хабарлады.
«Күл мен тұрмыстық қалдықтарды жинау полигонының аумағынан үй жануарларының қалдықтарын таптық. Қазіргі уақытта мамандар оларды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуіп жатыр. Сонымен қатар жануарларды өлтіруге және олардың қалдықтарын заңсыз тастауға қатысы бар тұлғаларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Кінәлілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады» делінген әкімдік хабарламасында.
Күні кеше мәжіліс «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін түзетулерді қараған. Депутаттардың сөзінше, соңғы төрт жылда бұралқы иттер саны 13%-ға, ал адамға шабуыл 28%-ға өскен. Соған байланысты енді елдегі ит-мысықтарды міндетті түрде чиптеу керек болады.