Lifestyle

Қазақстанда өнер көрсеткенде бойымды үрей билейді – Димаш

Димаш Кудайберген объяснил, почему до сих пор не женат
Димаш тыңдармандарының сұрағына жауап берді/фото: Серикжан Ковланбаев

Димаш Құдайберген қазақстандық тыңдармандары алдында өнер көрсеткен кезде бойын қорқыныш билейтінін айтты.

Freedom Inside 26 форумында сұхбат беріп, әр елдердегі тыңдарман туралы әңгімеледі.

«Әр халық өз алдына ерекше. Өз энергиясы, атмосферасы, қолдауы бар. Жаны қазақ, қаны қазақ азамат ретінде Қазақстанда өнер көрсеткен кезде тұла бойымды ерекше үрей билейді. Сөзбен жеткізу мүмкін емес сезім билейді. Адамзатты өнеріміз арқылы мейірімділік, ізгілік, достыққа шақыру… Музыка – таптырмас дипломатия құралы. Соны толық түсіндім. Жұмысымды әрі қарай жалғастыруға ниеттімін», – деді Димаш.

Сондай-ақ шетелдік тыңдармандарын Қазақстанға шақырды.

«Құшағымыз дос боламын деушілерге әрдайым ашық», – деді әнші.

Бұған дейін Димаш көптен бері жасырып жүрген хоббиін айтты. Сөзінше, бос уақытында мотоцикл айдағанды жақсы көреді.

Ал үйлену туралы сұраққа «Әр нәрсенің өз уақыты бар. Таңдауыма өте тиянақты қарауым керек деп ойлаймын. Қазір сезімге беріліп, қыз баласының тағдырын ойрандатудан қорқамын» деп жауап берді.