ҚТЖ Қытайдан бірнеше локомотив сатып алды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
 CRRC қытай компаниясының гидрид локомотиві
Қытайдың CRRC компаниясы Қазақстан үшін гибрид локомотив құрастырады / фото: ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы (ҚТЖ) Қытай, АҚШ және Франциядан 24 жаңа локомотив сатып алды. Олар Астана, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Жем деполарына берілді.

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа локомотивтер CRRC (Қытай), Wabtec (АҚШ) және Alstom (Франция) компаниялары шығарған. Үшеуі де Қазақстан үшін техника дайындайды.

Wabtec америкалық компаниясы шығарған локомотив
Wabtec америкалық компаниясы шығарған локомотив / фото: ҚТЖ

CRRC қытай компаниясы Қазақстан үшін магистраль және маневтрлі тепловоздар дайындаған. Гидрид локомотив дизель қозғалтқышпен, сонымен бірге литий аккумуляторларымен қозғалады. Бұл оның станцияларға шусыз келуіне көмектеседі.

Alstom электровозы
Alstom француз компаниясы шығарған электровоз / фото: ҚТЖ

Бұған қоса, Қазақстан Францияның Alstom компаниясынан электровоздар алды.

«Жаңа техника қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, мамандардың еңбек жағдайын жақсартты», – деп таратты ҚТЖ.

Ұлттық компания машиналардың бәрі сынақтан өткенін, талаптарға сай және климатқа бейімделгенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз