
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы (ҚТЖ) Қытай, АҚШ және Франциядан 24 жаңа локомотив сатып алды. Олар Астана, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Жем деполарына берілді.
ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа локомотивтер CRRC (Қытай), Wabtec (АҚШ) және Alstom (Франция) компаниялары шығарған. Үшеуі де Қазақстан үшін техника дайындайды.

CRRC қытай компаниясы Қазақстан үшін магистраль және маневтрлі тепловоздар дайындаған. Гидрид локомотив дизель қозғалтқышпен, сонымен бірге литий аккумуляторларымен қозғалады. Бұл оның станцияларға шусыз келуіне көмектеседі.

Бұған қоса, Қазақстан Францияның Alstom компаниясынан электровоздар алды.
«Жаңа техника қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, мамандардың еңбек жағдайын жақсартты», – деп таратты ҚТЖ.
Ұлттық компания машиналардың бәрі сынақтан өткенін, талаптарға сай және климатқа бейімделгенін атап өтті.