Шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтады
Жарияланды

10-13 сәуір аралығында ХҚКО-ларда және Көші-қон қызметі орталықтарында шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» хабарлады.
Оған 9 сәуірде мемлекеттік орган тарапында техникалық ақау себеп болған. Техникалық ақауды қалпына келтіру үшін алдағы екі күнде ЖСН қалыптастыру қызметі уақытша қолжетімсіз болады.
«Мемлекеттік орган тарапындағы ақаулар қалпына келтірілгеннен кейін, қызметтің қолжетімділігі туралы қосымша хабарланады», – деп ескертеді ведомство.
Ескерте кетейік, кейбір шетел азаматтары ЖСН-ді елшілік арқылы ала алады. Бұл қызметке қандай тұлғалардың мүмкіндігі бар екенін мына жерден біле аласыз.