Lifestyle

Шымбұлақтағы аспалы жолдар жабылады

Шымбұлақтағы аспалы жолдар жабылады / Фото: Shutterstock

Дүйсенбіден бастап курортқа тек эко-автобустармен немесе таксимен көтерілуге болады. Шымбұлақтағы аспалы жолдарда жоспарлы профилактикалық жұмыстар басталады.

Қай аспалы жолдар және қашан жабылады: 

  • Комби-2 – 2026 жылғы 9 сәуір мен 30 сәуір аралығында;
  • Медеу – Шымбұлақ гондола жолы және Комби-1 – 13 сәуір мен 30 сәуір аралығында;
  • ККД-4 аспалы-креслолы жолы – 16 сәуір мен 30 сәуір аралығында.

13 сәуірден бастап курортқа тек эко-автобустармен немесе таксимен көтерілу мүмкін болатыны атап өтілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Kursiv Media  Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядағы тау-шаңғы курортындағы бағаларды салыстырған еді.