Жаңалықтар

Талғарда тағы төбелес – полиция түсініктеме берді

t.me/egovpress, бильд-редактор: Дастан Шанай
фото: t.me/egovpress, бильд-редактор: Дастан Шанай

Талғар қаласында тағы да төбелес болды. Бір топ жастардың өзара жанжалдасып жатқан видеосы жарияланды.

Онда біреуі балағат сөздер айтып, екіншісіне жұдырық жұмсағаны көрінеді. Соққыдан жалтарып, екіншісі айналып қашып жүр.

Бейнежазба Талғар тұрғындарының көп қабатты үйлердің бірінен түсірілген.  

«Талғарлық жастар түнгі уақытта топтасып, жанжал шығарып жүр. Қалада профилактикалық жұмыстарды шұғыл түрде күшейту қажет сияқты. Айта кетейік, 2023 жылдан бері Алматы облыстық Жастар саясаты басқармасының басшысы – Мәди Ахметов. Оның нақты немен айналысып жүргені және халық қаржысы есебінен қандай жұмыс атқарып отырғаны түсініксіз», – деп жазды Egovpress телеграм арнасы.

Алматы облысы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ оған қатысы бар тұлғаларды белгілеуге бағытталған қажетті жедел-іздестіру және тексеру шараларын жүргізуде», – делінген ақпаратта.  

Полиция тексеру қорытындысынан кейін қатысушылардың әрекеттеріне қолданыстағы заңнама аясында тиісті құқықтық баға бермек.

Айта кететін жайт, Талғарда қарындасын зорлап, ағасын өлтірген қылмыскер 25 жылға сотталған болатын.