Азия чемпионаты: қазақстандық боксшылар қанша ақша тапты

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында аяқталған Азия чемпионаты қазақстандық боксшылар үшін табысты аяқталды. IBA ресми түрде бекіткен жүлде қорына сәйкес, ширек финалға шыққандар мен жүлдегерлерге арнайы төлемдер қарастырылған.
Сыйақы мөлшері қалай бөлінді
IBA регламенті бойынша Азия біріншілігіндегі сыйақы мөлшері төмендегідей:
- алтын медаль: 8 000 доллар
- күміс медаль: 4 000 доллар
- қола медаль: 2 000 доллар
Қазақстан құрамасының жалпы табысы
Қазақстан ерлер құрамасы турнирді 4 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен аяқтады. Осы көрсеткіш бойынша боксшыларымыздың тапқан табысын есептесек:
- Алтын иегерлері (4 боксшы): Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай. Боксшылардың әрқайсысы 8 000 доллар алады.
- Күміс иегері (1 боксшы): Төрехан Сабырхан 4 000 доллар.
- Қола иегерлері (3 боксшы): Махмұд Сабырхан, Ертуған Зейнуллинов, Сағындық Тоғамбай 6 000 доллардан алатын болады.
Қазақстан ерлер құрамасы тек медальдар үшін ғана IBA тарапынан жалпы жиынтығы 42 000 доллар (шамамен 19-20 млн теңге) иеленді.
Айта кетерлігі, бұл тек Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан берілетін ресми сыйақы. Мұнымен қоса, Қазақстанның бокс федерациясы немесе мемлекеттік спорт органдары тарапынан спортшыларға қосымша сыйақылар мен ынталандыру төлемдері берілуі мүмкін.