Жаңалықтар

Биыл үш мың қазақстандық міндетті әскери жиынға шақырылады

Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау уақыты қысқарады
фото: kursiv.media

Қорғаныс министрлігі «2026 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» бұйрықты жариялады.

Құжатқа сәйкес, биыл міндетті әскери жиынға үш мың әскери шақырылады.

Бұйрықтың орындалуын Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының басшылығы бақылауға алады. Бұйрық 2026 жылғы 19 сәуірден бастап күшіне енеді.

Әскери жиындардың негізгі мақсаты – бейбіт уақытта қысқартылған құрамда ұсталатын әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру. Бұл жиындар 2007 жылдан бастап жыл сайын 30 күндік мерзіммен өткізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі биыл елімізде Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейтінін хабарлаған еді.