Енді Instagram-да жазған пікірді өзгертуге болады

Жарияланды 10 Сәуір 2026 17:47

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Instagram-да жаңа функция іске қосылды/фото: shutterstock

Instagram әлеуметтік желісі жаңа функция енгізді – енді қолданушылар жазған пікірін 15 минут ішінде өңдей алады.

Бұл туралы Instagram Х әлеуметтік желісінде хабарлады.

«Instagram-да жазған пікірді енді өңдеуге болады. Ол үшін пікір жариялағаннан кейін 15 минут ішінде өзгерістер енгізе аласыз», – деп мәлімдеді компания.

Бұған дейін Instagram жаңа қауіпсіздік шараларын енгізді. Осылайша егер жасөспірім бірнеше рет суицидке немесе өз-өзіне зиян келтіруге қатысты контентті іздесе, ата-аналасына хабарлама жіберілетін болды.

Сондай-ақ оқыңыз