Жаңалықтар

Махмұд Сабырхан Азия чемпионына 500 мың теңге көрімдік берді (видео)

Махмұд Сабырхан 500 мың теңге көрімдік берді / фото: olympic.kz

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр төрінде өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында топ жарып, алтын тұғырдан көрінген Дина Исламбекованы отандасы, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан ерекше құттықтады.

Махмұд Сабырхан қазақы салт-дәстүрмен, чемпион қызға «көрімдік» ретінде банк картасына 500 000 теңге аударды. Бұл сыйлық спортшының алтын медалі үшін көрсетілген құрмет пен қолдаудың нышаны болды.

Жаңалық әлеуметтік желілерде тез тарап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Желі қолданушылары Махмұдтың бұл қадамын:

«Нағыз қазақы мәрттік», «Спортшылардың бір-біріне деген сыйластығының көрінісі», «Көрімдіктің ең заманауи әрі пайдалы түрі» деп бағалап жатыр.

Айта кетейік, Дина Исламбекова Азия чемпионатының финалында қарсылас шақ келтірмей, ел қоржынына кезекті алтынды салған болатын. Ал бүгін 10 сәуір күні ерлер арасында финалда бес боксшымыз өнер көрсетеді.