Реттеушіден ескерту алған BNK банкке иесі 4,7 млрд теңге қосымша қаржы салады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

BNK Банкі акционерлері қаржы ұйымы капиталын 4,7 млрд теңгеге толықтыратын болды. Бұл туралы қаржы есептілігі депозитарийінде жарияланған ақпаратта жазылған.

Енді банк иесі әрқайсысы 10 мың теңге тұратын 468 889 жаңа акциясын басым құқықпен сатып алып, банкке қосымша қаржы құяды.

Бұл қадам 12,6 миллиард теңге болып тұрған банктің меншікті капиталын ұлғайтып, жағдайын реттеуге көмектеспек. Қаржы ұйымының активі 23 млрд теңгеге жуықтаса, міндеттемесі 10 млрд теңгеден асады.

Өйткені банктің қазіргі көрсеткіштері көңіл көншітпейді: жыл басынан бері Қазақстандағы бүкіл банк пайда тапса, тек BNK Банкі 350 миллион теңге шығынға батқан.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі банктің жағдайын бақылап, оған капиталды көбейтуді талап еткен соң, директорлар кеңесі осындай шешім шығарды.

2025 жылдың жазында Оңтүстік Кореялық холдингке тиесілі BNK Finance Kazakhstan микрокаржылық ұйымы банк лицензиясын алған. Жаңа банк BNK Commercial Bank деп аталды.

Сондай-ақ оқыңыз