
Ресей президенті Владимир Путин христиандардың Пасха мерекесіне орай атысты доғаруды тапсырды. Украина президенті Владимир Зеленский екі апта бұрын осындай ұсыныс жасаған.
Кремль мәліметінше, уақытша бітім 11 сәуірде Астана уақытымен сағат 19:00-де басталып, 12 сәуір аяқталғанға дейін созылады. Путин осы уақытта әскери қолбасшыларға барлық бағыт бойынша әскери қимылды тоқтатуды тапсырды. Дегенмен федерация әскері қарсыластың арандату әрекетіне дайын болуға тиіс.
Наурыздың аяғында украин президенті Владимир Зеленский мереке күндері атыспауды ұсынған. Ол апта басында ұсынысын АҚШ арқылы тағы да Ресейге жеткізгенін мәлімдеген.
2025 жылы да Ресей мен Украина Пасха мерекесінде атыспаған.
Католиктер мен протестанттар Пасха мерекесін 2026 жылғы 5 сәуірде атап өтті. Православтар оны 12 сәуірде тойлайды.
Украина православ шіркеуі 2023 жылы жаңа Юлий шіркеуіне өткен, бірақ биыл Пасханы басқа да православтармен бірге 12 сәуірде атап өтеді.