
Қазақстандық теннис жұлдызы, өз уақытында әлемдік рейтингте үздік ТОП-30 қатарына енген Зарина Дияс кәсіби теннистегі жолын аяқтайтынын мәлімдеді. Спортшы бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Бүгін мен өмірімнің ең маңызды тарауларының бірін жабамын. Алматылық кішкентай қыздың әлемдік ареналарда өнер көрсету туралы арманы шындыққа айналды. Мен өз елімнің намысын қорғағанымды, Олимпиада ойындарында өнер көрсеткенімді мақтан тұтамын», – деп жазды Зарина Дияс.
Теннисші өзінің отбасына, жаттықтырушыларына және жанкүйерлеріне алғыс айта отырып, алда жаңа өмірлік кезең басталатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, биыл Зарина Дияс ұзақ үзілістен кейін Australia Open турнирінде өнер көрсеткен еді. Зарина Диястың Australian Open жарысындағы ең үздік нәтижелері – 2014, 2015, 2020 және 2021 жылдардағы үшінші айналымға дейін жеткен.