Сабыржан Аққалықов Өзбекстан боксшысын жеңіп, Азия чемпионы атанды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
На ринге казахстанец Cабыржан Аккалыков
Сабыржан Аққалықов Азия чемпионы / фото: olympic.kz

Моңғолия астанасында өтіп жатқан құрлықтық біріншіліктің финалдық кезеңінде 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шешуші жекпе-жек өтті. Бұл сында отандасымыз Сабыржан Аққалықов өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Сабыржан кездесудің алғашқы секундынан бастап басымдықты өз қолына алды:

Бірінші раундта жерлесіміз дәл соққыларының арқасында 4:1 есебімен алға шықты.

Екінші және үшінші раунд: Сабыржан қарқынды бәсеңдетпестен, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Шаршы алаңдағы қозғалысы мен қорғанысының жинақылығы арқасында басымдығын соңына дейін сақтап қалды.

Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебі тіркеліп, Сабыржан Аққалықов Азия чемпионы атанды.

Бүгінгі финалдық күн ерлер құрамасы үшін өте нәтижелі өтуде. Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында: Екі алтын, бір күміс, екі қола медаль бар. Ендігі кезекте финалда ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбайлар өнер көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз