Тоқаев Құрылтай сайлауы өтетін уақытты айтты

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Ақорда

Ақордада Ғылым қызметкерлері күніне арналған жиын өтіп, Тоқаев Құрылтай сайлауы тамызда өтетінін мәлімдеді.

«Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді», – деді ол.

Президент сөзінше, партиялар жоспарын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізу үшін әдейі ерте айтып отыр.

«Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі. Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай «қайта құруға» жол ашады. Бұл ретте біз жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етуге тиіс. Мен мұның маңызы жөнінде бірнеше рет айттым», – деді ол.

Осыған дейін Тоқаев Парламент сайлауы күзге дейін өтетінін бір рет атап өткен.

Сондай-ақ оқыңыз